Яндекс ас – Алматының ең жақсы мейрамханаларынан дайын тағамдарды курьермен жеткізу. Бұл пәтерінен немесе кеңседен шықпай-ақ тамақ алғысы келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік. Ал, Яндекс Ас - бұл ыңғайлы жұмыс кестесі арқылы лайықты ақша табуға болатын орын.
Кім Яндекс.Ас курьері болып жұмысқа орналаса алады
Алматыда Яндекс Ас курьері болып жұмыс істеу белгіленген жұмыс кестесі бойынша жұмыс істей алмайтындардың немесе қосымша табыс көзін іздейтіндерге ыңғайлы. Бұл жастар, студенттер және жарты күндік жұмыс іздегендерге тамаша нұсқа.
Жұмысқа орналасу көп уақытты қажет етпейді - сіз онлайн режимінде өтініш беріп, мобильді қосымшаны орнатасыз, ары қарай сол күні жұмысқа кірісе аласыз. Яндекс Ас курьерлік жұмысына- жеке көлікпен немесе жаяу жүруге болады.
Яндекс Ас курьері болып жұмыс істеудің пайдасы
Алматыда Яндекс Ас курьері болып жұмыс істеу көптеген артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
жолға ақша жұмсап, күн сайын кеңсеге жұмысқа барудың қажеті жоқ
жұмыс іздеушілерге қойылатын минималды талаптар-арнайы білім мен жұмыс тәжірибесін қажет етпейді;
жылдам тіркеу – бір күн ішінде жұмысқа орналасу;
жұмыс кестесін өзіңізге икемді түрде бейімдеу мүмкіндігі;
апта сайынғы жалақы төлемдері;
брендтелген арнайы киім және сөмкені қамтамасыз ету.
Қай күндері, қандай ауысымда жұмыс істейтінін курьер өзі анықтайды. Егер сіз көбірек табыс тапқыңыз келсе, толық 12 сағаттық ауысымға бара аласыз. Жұмысты оқумен біріктірген кезде 4 немесе 6 сағаттық ауысым қолайлы. Қажет жағдайда, демалыс күнін кез-келген күні бастықтармен келіспей-ақ ұйымдастыра аласыз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар
Яндекс Ас курьеріне келесі қасиеттерді қажет етеді:
физикалық денсаулық және төзімділік;
Android 4.2 және одан жоғары нұсқасын қолдайтын смартфон;
ұқыптылық және уақытты есептеу мүмкіндігі;
клиенттермен қарым-қатынас кезінде ізгі ниет;
жақсы қарым-қатынас дағдылары;
қиын жағдайларда стресске төзімділік.
Жұмысты бастау үшін бірінші - тіркеліп, жабдықты алуыңыз керек. Parlament taxi компаниясы арқылы Яндекс ас курьері болыңыз, біз сервистің ресми серіктесіміз.